• Алдымен басшы сату орнына кассирді қосуы керек. Қызметтер → Компания профилі → Қызметкерлер → Қосу деп өтіңіз. Содан кейін қызметкердің рөлін «Кассир» деп таңдаңыз, қажетті сату орнын көрсетіп, оның телефон нөмірі  мен атын енгізіңіз.

     

    Содан кейін кассирдің көрсетілген телефон нөміріне Kaspi Pay қосымшасына сілтемесі бар SMS келеді.


    Кассир:

     

    • қосымшаны жүктеуі керек;
    • «Подключиться или войти» деп басуы керек;
    • басшы сату орнына қосқан кезде көрсеткен телефон нөмірін енгізуі керек;
    • келген растау кодын енгізуі керек.


    Тіркелгеннен кейін төлемді қабылдауға болады.

     

    Kaspi Pay қосымшасында қалай төлем қабылдай бастайды туралы бейнематериалды көруді ұсынамыз:


    Жаңартылды 27.08.2025

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?