• Ол үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында Компания профилі→ Сату орындары деп өтіп, «Сату орнын қосу» деп басыңыз. Содан кейін мыналарды көрсетіңіз:

     

    Атауы

    • Атауы үшін тек әріптерді немесе цифрлар мен әріптерді пайдалана аласыз. Егер атауда:
    • эмодзи;
    • арнайы таңбалар;
    • тек цифрлар;
    • арандатушылық сөздер;
    • нормативтік емес лексика;
    • «Kaspi» немесе «Каспи» сөздері болса, сату орнын қоса алмайсыз.

     

    Мекенжайы

    Қала, көше және үй.

     

    Телефон нөмірі

    Сондай-ақ егер бар болса, байланыс орталығының қысқа нөмірі.

     

    Жұмыс кестесі

     

    Егер сізде 10 немесе одан көп сату орны болса, жаңасын қосқанда Kaspi Pay тексеру жүргізеді. Ол бизнестің сенімді екеніне көз жеткізу үшін қажет.

     

    Нәтижесі сізге Kaspi Pay мобильді қосымшасында 1 жұмыс күні ішінде жіберіледі. Бас тартылған жағдайда, сату орнын 1 айдан кейін қайта қосуға болады.

     

    Kaspi Pay-де сату орындарын баптап, кассирлерді қосуға болатыны туралы бейнематериалды көруді ұсынамыз:   

     

    Жаңартылды 08.01.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?