Баптау
Smart POS-ты қосып, тілді таңдаңыз. Сол жақтағы батырманы басып, іске қосу QR-кодын сканерлеңіз. Содан кейін құрылғы төлем қабылдауға дайын болады.
QR-код компанияның басшысына және Smart POS-қа тапсырыс берген басқарушыға келеді. Оны Kaspi Pay қосымшасында:
- құрылғының жеткізілгені туралы хабарламадан;
- «Сату орындары мен кассирлер» бөлімінен көруге болады: қажетті орынды, содан кейін — Кассирлер мен құрылғылар → Smart POS → Smart POS-ты іске қосу деп таңдаңыз.
Іске қосу QR-коды әр сату орнына бөлек жасалады, бір Smart POS-ты іске қосу үшін қолданылады және әр 24 сағат сайын жаңартылып тұрады.
Құрылғыны кассир іске қоса алады. Оған QR-кодты кез келген мессенджер арқылы жіберсе болғаны.
Жаңартылды 14.04.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?