Smart POS-қа компанияның басшысы, сондай-ақ «Басқарушы» немесе «Бухгалтер» рөліндегі қызметкер тапсырыс бере алады. Бір өтінімде ең көбі 2 құрылғыға тапсырыс беруге болады. Қызмет 24/7 қолжетімді.
Тапсырыс беру үшін Kaspi Pay қосымшасының басты бетінде «Smart POS» деп басыңыз. Егер бірнеше сату орныңыз болса, қажеттісін таңдаңыз, содан кейін «Smart POS-қа тапсырыс беру» деп басып, құрылғылардың саны мен жеткізетін күнді көрсетіңіз.
Алу тәсілін таңдаңыз:
- сату орнына
- Kaspi Postomat-қа
Жеткізу күні тапсырысты ресімдеу кезінде көрсетіледі. POS-терминалды белгіленген күні әкеледі.
Бір сату орны үшін бір ғана тапсырыс белсенді бола алады. Осы орында Smart POS-қа қайта тапсырыс беру мүмкіндігі тапсырыстың күшін жойсаңыз немесе барлық жеткізілген құрылғы іске қосылғаннан кейін пайда болады.
Жаңартылды 30.06.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Алу