Иә. Бұл ҚР Салық кодексінің талабы. Сізде бақылау-касса машинасы болуы және Kaspi Gold, Kaspi Pay, Kaspi Red және Kaspi Kredit шотынан кез келген сатып алу үшін клиентке фискалдық чек беру керек. Егер сізде Kaspi Касса қосылса, төлемді:
Kaspi Pay шотынан, Kaspi Gold, Kaspi Red, Kaspi Kredit арқылы қабылдаған кезде немесе қашықтан фискалдық чек автоматты түрде жасақталып, клиентке Kaspi.kz мобильді қосымшасында жіберіледі.
Kaspi.kz-тегі Магазинде фискалдық чек клиент тауарды алғаннан кейін автоматты түрде жасақталады, ал сатушының кабинетіндегі тапсырыс мәртебесі «Берілген» болып өзгереді. Клиент чекті Kaspi.kz мобильді қосымшасынан көре алады: Магазин → Тапсырыстарым. Өзіңізге қажет тапсырысты таңдап, «Тапсырыс мәліметтері» деп басыңыз.
Kaspi Кассамен операциялар туралы, ақпаратты басшы Kaspi Pay мобильді қосымшасында «Сату бойынша есепте», ал кассир «Тарих» бөлімінде қарай алады.
Егер сізде басқа кассалық аппарат болса, сіз чекте тауардың құнын ғана көрсетесіз.
Чекті жасақтаған кезде бұл картамен төлем қабылдау екенін көрсетіңіз.
Фискалдық чекті сатып алушыға Kaspi Pay шотына төлем түскен кезде беру керек.
Сіз қағаз чекті беруге, оның фотосуретін немесе электрондық нұсқасын жіберуге міндеттісіз — олардың барлығының заңды күші бар.