Жоқ. Kaspi QR-мен науқандарға мына өлшемшарттарға сәйкес келетін Kaspi Pay серіктестері қатыса алады:
- Kaspi Kredit-ке қосылған.
Ол үшін компания басшысы басты бетте «Kaspi Kredit қостыру» батырмасын басып, экрандағы кейінгі қадамдарды орындауы керек.
Маңызды: Kaspi Kredit-ті Kaspi Pay шотына 2 айдан артық уақыт бойы белсенді түрде төлем қабылдап жүрген серіктестер қоса алады.
- Жұмыс істеу ережесін бұзбайтын.
Жұмыс істеу ережесі бұзылған жағдайда ынтымақтастықты тоқтатуға дейін шектеу шаралары қолданылады.
Kaspi QR-мен науқанға қосылу үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында Маркетинг → Kaspi QR қолданылатын науқандар сервисіне өтіп, өзіңізге сәйкес келетін науқандардың шарттарымен танысып шығып, қатысуыңызды растаңыз. Сервис компания басшысына, сондай-ақ «Маркетинг менеджері» рөліндегі қызметкерге қолжетімді.
Kaspi QR-мен науқандарға мына санаттар қатыспайды:
- АЖҚС;
- Кинотеатрлар мен театрлар;
- Ұшаққа және т/ж билеттері.
Назар аударыңыз: тізім өзгеруі мүмкін.