Мұны компания басшысы ғана жасай алады.
Kaspi Pay мобильді қосымшасында басты бетте «Kaspi Red» деп басыңыз да, экрандағы кейінгі қадамдарды орындаңыз.
Маңызды: Kaspi Red-ке қосылу үшін Kaspi Pay-мен соңғы 2 айдың ішінде кемінде 20 күн сату керек. Бұл бизнестің жұмыс істеп тұрғанын және сенімді екенін тексеру үшін қажет.
Сондай-ақ Kaspi Pay серіктесі жұмыс істеу ережесін сақтауға міндетті.
Мыналарды:
- тауар немесе қызмет орнына ақша беруге;
- құнын көтеруге немесе Kaspi Pay-мен сатудан бас тартуға;
- тауарды жеткізуді негізсіз кейінге қалдыру немесе оның күшін жою;
- үшінші тұлғаларға Kaspi Pay-ге қол жеткізу мүмкіндігін беруге;
- қаржылық немесе беделдік тәуекелдерге әкеп соқтыруы мүмкін басқа кез келген әрекетті жасауға болмайды.
Жұмыс істеу ережесі бұзылған жағдайда ынтымақтастықты тоқтатуға дейін шектеу шаралары қолданылады.
Толығырақ ақпарат мына құжатта: Kaspi Pay-мен жұмыс істеу ережесі