Kaspi Pay үшін бизнесіңіздің шынайы әрі сенімді екеніне көз жеткізген маңызды. Сондықтан Kaspi Kredit-ті Kaspi Pay-мен соңғы 2 айдың ішінде кемінде 20 күн сатқан серіктестер қоса алады – бұл бизнестің жұмыс істеп тұрғанын және сенімді екенін тексеру үшін қажет:
Сондай-ақ Kaspi Pay серіктесі бірқатар жұмыс ережелерін сақтауға міндетті.
Мыналарды:
- тауардың немесе қызмет орнына ақша беруге;
- құнын көтеруге немесе Kaspi Pay-мен сатудан бас тартуға;
- тауарды жеткізуді негізсіз кейінге қалдыру немесе оның күшін жою;
- үшінші тұлғаларға Kaspi Pay-ге қол жеткізу мүмкіндігін беруге;
- қаржылық немесе беделдік тәуекелдерге әкеп соқтыруы мүмкін басқа кез келген әрекетті жасауға болмайды.
Жұмыс істеу ережесі бұзылған жағдайда ынтымақтастықты тоқтатуға дейін шектеу шаралары қолданылады.
Толығырақ ақпарат мына құжатта: Kaspi Pay-мен жұмыс істеу ережесі.