Егер сіз мынадай қарапайым ұсынымдарды орындасаңыз, Kaspi Kredit-пен сатылымды едәуір арттырасыз:
1. Сатып алушыларға тауарларды кредитке не құнын бөліп төлеп, сатып алуды ұсыныңыз.
Нақты, ақшаға сатып алғанға қарағанда орташа чектің мөлшері 2 есе көп болады.
Клиентке кредит ресімдеуге қалай көмектесу керектігін кассирлерге үйретіңіз.
2. Kaspi.kz-тің науқандарына қатысыңыз
Науқан кезінде сатылым 3 еседен көп өседі.
3. Kaspi Kredit көрсеткіштерін сатып алушыға көрінетін жерге іліңіз.
Kaspi Pay мобильді қосымшасында көрсеткіштерге тапсырыс беруге болады.
4. Жеткізу қызметімен тауарға тапсырыс берілгенде төлемді қашықтан қабылдаңыз.
Толығырақ: Қалай қашықтан төлем қабылдайды?
5. Әлеуметтік желіде сізден Kaspi Kredit-пен сатып алуға болатыны жайлы жазыңыз.
Kaspi Kredit-тің жарнама макеттерін пайдаланыңыз.