Kaspi Pay-дің серіктесі Kaspi Gold-пен, Kaspi Red-пен және Kaspi Kredit-пен төлем қабылдау бойынша бірқатар ережелерді сақтауға міндетті.
Серіктеске:
1. Тауардың немесе қызметтің орнына ақша беруге, басқаша айтқанда қолма-қол ақшаға айналдыруына болмайды.
2. Құнын көтеруге немесе Kaspi Pay-мен сатып алудан бас тартуға.
3. Тауарды жеткізуді кешіктіруге немесе оның күшін жоюға.
4. Үшінші тұлғаларға Kaspi Pay-ге қолжетімділік беруге.
5. Қаржылық немесе беделдік қауіптерге әкелуі мүмкін кез келген әрекетті жасауға болмайды.
Бұзушылықтар анықталған кездегі шаралар:
• Тергеп-тексерген кезеңде сатуды тоқтата тұру.
• Қалпына келтіру мүмкіндігінсіз Kaspi Red, Kaspi Kredit және Kaspi.kz-тегі Магазин арқылы сатуды өшіру.
• Алаяқтық әрекет жасалды деген күдік болса, Kaspi Pay-ге кіруді немесе Kaspi Pay шотынан, Business картадан ақша аударуды және банкоматтан қолма-қол ақша алуды шектеу.
• Ынтымақтастықты тоқтату.