Smart POS-қа Kaspi Pay серіктесі: компания басшысы немесе «Басқарушы» немесе «Бухгалтер» рөліндегі қызметкер тапсырыс бере алады.
Kaspi Pay мобильді қосымшасында POS-терминалдың кез келген санына тапсырыс беруге болады. Бір өтінімде ең көбі - 2.
Бір сату орнына 4 POS-терминалдан артық тапсырыс берген кезде, тексеру жүргізіледі. Kaspi Pay менеджері сізбен 3 жұмыс күні ішінде хабарласып, нәтижесі туралы хабарлайды. Бас тартылған жағдайда, өтінімді бір айдан кейін қайта бере аласыз.
Тапсырыс беру үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында басты бетте «Smart POS» деп басыңыз. Егер бірнеше сату орныңыз болса, қажеттісін таңдап, құрылғылардың санын көрсетіңіз. Жеткізу күнін таңдаңыз, оны күнтізбенің көмегімен жасауға болады. Қалыпты жағдай бойынша мерзім 3-9 күн.
Smart POS белгіленген күні жеткізіледі. Курьер сізге алдын ала хабарласады.
Бір сату орны үшін тек бір ғана тапсырыс белсенді бола алады. Осы орында Smart POS-қа қайта тапсырыс беру мүмкіндігі жеткізілген барлық құрылғылар іске қосылғаннан кейін немесе тапсырыстың күші жойылғаннан кейін пайда болады.
Қызмет кез келген уақытта онлайн қолжетімді.
Назар аударыңыз: егер бір айда Smart POS арқылы сату сомасы 300 000 теңгеден кем болса, онда POS-терминал алынып қояды.