Kaspi Pay мобильді қосымшасында басты бетте «Smart POS-» деп басыңыз.
Егер бірнеше сауда орныңыз болса, қажеттісін таңдап, құрылғылардың санын көрсетіңіз, ең көбі 2. Жеткізу күнін таңдаңыз, оны күнтізбені пайдаланып жасауға болады. Қалыпты жағдай бойынша мерзім — 3–9 күн. Ол Kaspi Pay мобильді қосымшасында көрсетіледі.
Smart POS сауда орнының мекенжайына жеткізіледі. Курьер сізге алдын ала хабарласады.
Бір сату орны үшін тек бір тапсырыс белсенді болуы мүмкін. Smart POS-қа қайта тапсырыс беру мүмкіндігі барлық жеткізілген құрылғылар іске қосылғаннан кейін немесе тапсырыстың күші жойылғаннан кейін пайда болады.
Қызмет кез келген уақытта онлайн қолжетімді.
Назар аударыңыз: егер бір айда Smart POS арқылы сатылым сомасы 300 000 теңгеден аз болса, POS-терминал алынып қойылады.