• Салық есебін жыл сайын келесі жылдың 31 наурызына дейін тапсыру қажет.

     

    Ол үшін тиісті нысанды толтырыңыз:

     

    Kaspi Pay қосымшасында

    Мұны тек оңайлатылған режимдегі ЖК жасай алады. Салық → Бәрі → Салық есебін тапсыру → Депозиттер бойынша салық есебі деп өтіңіз.

     

    Салық төлеушінің кабинетінде:

    • жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖК, ШҚ — 220 нысаны;
    • ЖШС және басқа заңды тұлғалар — 100 нысаны.

     

    Салық төлеу тәртібі ұйым нысанына байланысты:

     

    ЖК, ШҚ

    Салық төлеудің қажеті жоқ.

     

    ЖШС және басқа заңды тұлғалар

    Kaspi Pay Депозиті бойынша сыйақы түскеннен кейін 15% КТС автоматты түрде ұсталады.

     

    Қосымша бір жыл ішіндегі жалпы сыйақы сомасының 5%-ын келесі жылдың 10 сәуіріне дейін төлеу қажет.

     

    Мұны Kaspi Pay қосымшасында Салық → Салық төлемдері сервисінде төлей аласыз. БСК — 101111.

    Жаңартылды 27.08.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?