Kaspi Pay Депозиті - кәсіпкерлерге арналған қолжетімді әрі ыңғайлы салым.
Депозитті онлайн Kaspi Pay мобильді қосымшасында аша аласыз.
Депозитті ашу үшін ең аз сома — 1 000 теңге.
Жеке кәсіпкерлердің депозиттерін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сақтандырған.
Депозит бойынша тиімді мөлшерлеме 14%-ды құрайды.
Кез келген сәтте қаражатты сыйақыны жоғалтпай және комиссиясыз Kaspi Pay шотына аудару арқылы ала аласыз.
Kaspi Pay депозитін Kaspi Pay шотынан немесе басқа банктен аудару арқылы толықтыра аласыз.
Тегін «Хабарлама» сервисі сізге күнделікті пайыз есептелгені, ақша алынғаны және ақша салынғаны туралы хабар беріп отырады.
Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы «Жеке Банк» сервисінде депозит бойынша барлық операцияларды көруге болады.