Бірнеше себебі болуы мүмкін:
Шоттарға шектеу қойылған.
Шектеудің бар-жоғын және себебін Kaspi Pay мобильді қосымшасында тексеруге болады.
Ол үшін «Жеке Банк» сервисіне өтіп, шотты таңдаңыз. Тыйым болған жағдайда «Толығырақ» деген белсенді сілтемені көресіз. Шектеудің себебін мен ұсыныстарды білу үшін оған басыңыз.
Сондай-ақ шотқа тыйым салынғаны туралы ақпарат мемлекеттік органдардың сайттарында:
қолжетімді.
Өкілеттіктің қолданылу мерзімі аяқталған.
Сіз компанияны сенімхат бойынша басқардыңыз. Мерзімін ұзарту үшін Kaspi Pay Шотын ашқан кезде көрсетілген мекенжайдан business@kaspi.kz-ке сұрату жолдап, құжаттардың сканерленген көшірмесін салу қажет.
Заңды тұлғаларға:
- Сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқадан скан/сурет).
- Компанияның ақшасына билік ету құқығы көрсетілген жаңартылған сенімхат.
- Еgov.kz-тен алынған тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама.
Жеке кәсіпкерлерге:
- Жеке кәсіпкер мен сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқадан скан/сурет).
- Жаңартылған және нотариатта куәландырылған сенімхат.
Егер ұйымның мекенжайы, байланыс деректері өзгерсе немесе ұйым қайта тіркелсе, басшы құжаттардың толық пакетімен және мөрімен (бар болса) кез келген Kaspi.kz бөлімшесіне баруы қажет.
Сіз Kaspi Pay-мен жұмыс жасау ережелерін бұздыңыз.
Карта тергеп-тексеру кезеңіне бұғатталды.
Сіз картаны өзіңіз бұғаттадыңыз.
Оны Kaspi Pay мобильді қосымшасында бұғаттан шығаруға болады: Жеке Банк → Карта → Әрекеттер → Картаны бұғаттан шығару.