Өзіңіз сенетін адамдарға картаның 16-таңбалы нөмірін хабарлауға болады.
Картаның мына деректерін: карта иесінің аты мен тегін, қолданылу мерзімін, үштаңбалы CVV нөмірін, сондай-ақ PIN-код пен, ақша аударуды растауға арналған SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз, сондай-ақ хаттар мен SMS-те көрсетпеңіз. Бұл деректерді сұраған адам — өзін банк қызметкерімін деп таныстырса да, алаяқ.
Интернетте төлеген кезде, картаның деректерін көрсетпес бұрын сайттың мекенжайының дұрыс екенін және байланыстың қорғалғанын тексеріңіз.