Иә. Business Картамен басқа валютамен, ақша ала аласыз және сатып алу құнын төлей аласыз.
Валютаға қарамастан картадан, ақша алу үшін комиссия бірдей.
Валюта банк операцияның жүргізілгені туралы растауды алған сәттегі Kaspi-дің бағамы бойынша комиссиясыз айырбасталады.
Business Картадан шетел валютасымен, ақша алған кезде заңды тұлғалар 30 жұмыс күні ішінде шотқа қызмет көрсететін бөлімшеге төмендегі құжаттардың бірін ұсынуы керек:
- шығыс сметасы бар қызметкерді шетелге іссапарға жіберу туралы бұйрық;
- бейрезидент қызметкерге жалақы төлеу туралы бұйрық.