Комиссиясыз қолма-қол, ақша алуға лимит — айына 300 000 теңге.
Лимиттен асырып, ақша алған кезде комиссия асып кеткен соманың 0,95%-ын құрайды. Комиссияның мөлшерін, ақша алар алдында Kaspi Банкоматтың экранынан көресіз.
Мысалы, банкоматтан 350 000 теңге алып жатырсыз. Бұл жағдайда асып кеткен сома — 50 000 теңге. Комиссия 50 000 теңгенің 0,95% — бұл 475 теңге.