Kaspi Pay мобильді қосымшасында «Жеке Банк» сервисіне өтіңіз, қажет кредитті таңдаңыз, «Мерзімінен бұрын өтеу» деп басыңыз да, өзіңіз салатын соманы енгізіңіз.
Мерзімінен бұрын жартылай өтеудің ең аз сомасы - бір ай сайынғы төлем. Оны «Жеке Банк» сервисінен көруге болады: қажет кредитті таңдап, «Төлем күнтізбесі» деп басыңыз.
«Жалғастыру» деп басыңыз, содан кейін сәйкес нұсқаны көрсетіңіз: «Кредит мерзімін азайту» немесе «Ай сайынғы төлемді азайту». Экраннан кредиттің жаңа мерзімін, ай сайынғы төлемді және қанша үнемдейтініңізді көресіз.
Төлемді растаңыз. Кредит бойынша ақпарат пен төлем күнтізбесі бірден жаңартылады. Мұны «Жеке Банк» сервисінде тексере аласыз: қажет кредитті таңдап, «Төлем күнтізбесі» деп өтіңіз.
Сервис Kaspi Pay мобильді қосымшасында 24/7 қолжетімді. Бизнес Кредитті әрдайым айыппұлсыз және комиссиясыз мерзімінен бұрын жартылай өтеуге болады.