Күніне бір рет 24/7 мерзімінен бұрын жартылай төлей аласыз. Қызмет Kaspi Pay мобильді қосымшасында қолжетімді.
Сондай-ақ, Бизнес Кредитті Kaspi.kz бөлімшесіндегі касса арқылы төлеуге болады. Ол үшін компанияның ЖСН немесе БСН білу жеткілікті. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат түпнұсқасын немесе цифрлық құжатты алып келу керек.
Барлық бөлімшелердің мекенжайлары мен жұмыс кестесін Kaspi.kz мобильді қосымшасынан көре аласыз. Бұл үшін Kaspi Maps → Kaspi бөлімшелері сервисіне өтіңіз.
Назар аударыңыз: Бизнес Кредитті 2023 жылғы 1 тамызға дейін ресімдеген серіктестер үшін мерзімінен бұрын төлеу тек жұмыс күндері қолжетімді.