• Бизнес Кредитті айыппұлсыз және комиссиясыз бірнеше тәсілмен мерзімінен бұрын толық төлей аласыз:

     

    Kaspi Pay қосымшасында

     

    «Жеке Банк» сервисіне → Мерзімінен бұрын толық төлеу деп өтіңіз. Соманы көрсетіп, төлеу тәсілін таңдаңыз, «Төлеу» деп басып, экрандағы әрекетті орындаңыз.

     

    Сервис 24/7 қолжетімді.

     

    Kaspi Банкоматта

     

    Kaspi QR-мен авторизациядан өтіңіз, «Бизнес Кредит» деп басып, экрандағы әрекетті орындаңыз.

     

    Егер төлемді сағат 22:00-ден кейін төлесеңіз, сома келесі күні есептеледі.

     

    Назар аударыңыз: соңғы Бизнес Кредитті 2023 жылғы 1 тамызға дейін ресімдеген серіктестер Kaspi Pay қосымшасында және Kaspi Банкоматта сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін мерзімінен бұрын төлей алады.

     

    Kaspi.kz бөлімшесінде касса арқылы 

     

    Ол үшін компанияның ЖСН-ін немесе БСН-ін білсеңіз болды. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасын немесе оның цифрлық нұсқасын алып келуіңіз керек.

     

    Кез келген Kaspi Банкоматты немесе Kaspi.kz бөлімшесін Kaspi.kz қосымшасындағы Kaspi Maps сервисінен таба аласыз.    

     

    Ақша төлем жасалатын күні автоматты түрде алынады.

     

    Мерзімінен бұрын толық төлегенде артық төлем сомасы кредитті пайдаланған нақты күндер ескеріліп, қайта есептеледі.

     

    Егер  қажетті сомадан артық ақша салсаңыз, қалдығы Kaspi Pay шотыңызға аударылады.

    Жаңартылды 21.08.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?