Бизнес Кредит бойынша ай сайынғы төлемді бірнеше тәсілмен жасауға болады:
Kaspi Pay мобильді қосымшасында
Жеке Банк сервисіне → Ай сайынғы төлем деп өтіп, «Төлеу» деп басыңыз;
Өзге банктен Kaspi Pay шотына аударым арқылы
Шоттың реквизиттерін Kaspi Pay мобильді қосымшасынан көруге болады: «Жеке Банк» сервисіне өтіңіз, шотты таңдап, содан кейін → Ақпарат → Шоттың реквизиттері деп өтіңіз.
Kaspi Банкомат арқылы
Kaspi QR-мен авторизациядан өтіп, «Бизнес Кредит» деп басыңыз және экрандағы кейінгі қадамдарды орындаңыз. Егер төлемді сағат 22:00-ден кейін төлесеңіз, сома келесі күні есептеледі.
Kaspi.kz бөлімшесінде касса арқылы
Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасын немесе цифрлық құжатты алып келу керек. Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Kaspi Maps сервисінде Kaspi.kz-тің кез келген бөлімшесін таба аласыз. Ақша төлем күні автоматты түрде алынады.
Назар аударыңыз: 2023 жылғы 1 тамызға дейін Бизнес Кредит ресімдеген және осы күннен кейін жаңасын ресімдемеген серіктестер үшін өтеу тек жұмыс күндері сағат 22:00-ге дейін қолжетімді.
Жаңартылды 02.04.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Өтеу