Иә. Бизнес Кредит бойынша ай сайынғы төлемді бірнеше тәсілмен төлеуге болады:
Kaspi Pay қосымшасында
«Жеке Банк» сервисіне → Ай сайынғы төлем деп өтіп, «Төлеу» деп басыңыз.
Kaspi Банкоматта
Kaspi QR-мен авторизациядан өтіңіз, «Бизнес Кредит» деп басып, экрандағы әрекетті орындаңыз.
Егер төлемді сағат 22:00-ден кейін төлесеңіз, сома келесі күні есептеледі.
Назар аударыңыз: соңғы Бизнес Кредитті 2023 жылғы 1 тамызға дейін ресімдеген серіктестер Kaspi Pay қосымшасында және Kaspi Банкоматта сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін төлей алады.
Өзге банктен Kaspi Pay шотына аудару арқылы
Шоттың реквизиттерін Kaspi Pay қосымшасынан көруге болады: «Жеке Банк» сервисіне өтіп, шот → Ақпарат → Шоттың реквизиттері деп таңдаңыз.
Kaspi.kz бөлімшесінде касса арқылы
Ол үшін компанияның ЖСН-ін немесе БСН-ін білсеңіз болды. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасын немесе оның цифрлық нұсқасын алып келуіңіз керек.
Кез келген Kaspi Банкоматты немесе Kaspi.kz бөлімшесін Kaspi.kz қосымшасындағы Kaspi Maps сервисінен таба аласыз. Бизнес Кредитті әрдайым комиссиясыз төлеуге болады.
Ақша төлем жасалатын күні автоматты түрде алынады.
Жаңартылды 21.08.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Өтеу