• Кредит бойынша мерзімі өткізілген берешекті бірнеше тәсілмен төлеуге болады:

     

    Kaspi Pay мобильді қосымшасында;

    «Жеке Банк» сервисіне → «Бизнес Кредит» деп өтіп, «Төлеу» деп басыңыз.

    Салатын соманы көрсетіңіз, есептен шығару шотын таңдап, әрекетті растаңыз. Сервис 24/7 қолжетімді.

     

    Kaspi Банкомат арқылы;

    Kaspi QR-мен авторизациядан өтіңіз, «Бизнес Кредит» деп басып, экрандағы кейінгі қадамдарды орындаңыз.

    Егер төлемді сағат 22:00-ден кейін төлесеңіз, сома келесі күні есептеледі.

     

    Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Kaspi Maps сервисінен кез келген Kaspi Банкоматты немесе Kaspi.kz-тің бөлімшесін таба аласыз. Шотқа ақша салу әрдайым комиссиясыз.

     

    Назар аударыңыз: Бизнес Кредитті 2023 жылғы 1 тамызға дейін ресімдеген және осы күннен кейін жаңасын ресімдемеген серіктестер үшін Kaspi Банкомат арқылы төлеу тек жұмыс күндері сағат 22:00-ге дейін қолжетімді.

     

    Kaspi.kz бөлімшесінде касса арқылы

    Ол үшін компанияның ЖСН немесе БСН білу жеткілікті. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасын немесе оның цифрлық нұсқасын алып келу керек.

     

    Төлем кестесін Kaspi Pay мобильді қосымшасында «Жеке Банк» сервисінен көруге болады: қажетті кредитті таңдап, «Төлем күнтізбесі» деп басыңыз.

    Жаңартылды 29.12.2025

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?