• Бизнес Кредит автоматты түрде өтеледі: күн сайын шоттан белгіленген сома алынады. Ол әр кредит жағдайында жеке айқындалады. Оны Kaspi Pay қосымшасынан көре аласыз: «Жеке Банк» сервисіне өтіңіз, қажетті кредитті таңдап, «Төлем күнтізбесі» деп басыңыз.

     

    Ақша тек ағымдағы күнгі сатылымнан алынады. Егер ол жеткіліксіз болса, сома клиент сатып алған заттың ақысын төлегеннен кейін бірден алынады. Егер түсім болмаса, Kaspi Pay шотына ақша салып, мерзімін өткізіп алмау үшін сол айдағы берешекті төлеу керек.

     

     Шотқа ақша салудың бірнеше тәсілі бар:

     

    Kaspi Банкоматта қолма-қол ақшамен

    Компанияның басшысына және Kaspi Pay қосымшасында қосылған барлық қызметкерге қолжетімді.

     

    Өзінің Kaspi Gold-ынан

    Kaspi Pay қосымшасында тек ЖК үшін: Аударым → Шоттарымның арасында.

     

    Реквизиттер бойынша

    Kaspi.kz бөлімшесіне хабарласу керек. Кез келген жеке тұлға шотқа ақша сала алады.

     

    Кез келген Kaspi Банкоматты немесе Kaspi.kz бөлімшесін Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы «Kaspi Maps» сервисінен таба аласыз. Шотқа ақша салу әрдайым комиссиясыз.

    Жаңартылды 12.08.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?