Сіз Бизнес Кредитті бірнеше тәсілмен:
Kaspi Pay қосымшасында төлей аласыз
Егер Kaspi Pay шотында тыйым салынған сомадан көп ақша болса, «Жеке Банк» сервисіне өтіп, «Ай сайынғы төлем» немесе Бизнес Кредит → «Мерзімінен бұрын төлеу» деп таңдаңыз. Экрандағы әрекетті орындаңыз.
Kaspi Банкоматта төлей аласыз
Kaspi QR-мен авторизациядан өтіңіз, «Бизнес Кредит» деп басып, экрандағы әрекетті орындаңыз.
Егер төлемді сағат 22:00-ден кейін салсаңыз, сома келесі күні есептеледі.
Назар аударыңыз: соңғы Бизнес Кредитті 2023 жылғы 1 тамызға дейін ресімдеген серіктестер Kaspi Pay қосымшасында және Kaspi Банкоматта сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін төлей алады.
Kaspi.kz бөлімшесінде касса арқылы
Ол үшін компанияның ЖСН-ін немесе БСН-ін білсеңіз болды. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасын немесе оның цифрлық нұсқасын алып келуіңіз керек.
Кез келген Kaspi Банкоматты немесе Kaspi.kz бөлімшесін Kaspi.kz қосымшасындағы Kaspi Maps сервисінен таба аласыз. Бизнес Кредитті әрдайым комиссиясыз төлеуге болады.
Ақша төлем жасалатын күні автоматты түрде алынады.
Жаңартылды 21.08.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Шоттарға тыйым салу