Ақшаны салмас бұрын санап алыңыз.
Банкоматта авторизациядан өтіңіз. Бірнеше тәсілі бар:
- Kaspi Банкоматтағы Kaspi Alaqan камерасына алақанды жақындату;
- Kaspi.kz қосымшасы арқылы.
Kaspi QR сервисін ашып, Kaspi Банкоматтың экранындағы QR-кодты сканерлеңіз;
- Kaspi Gold-ты салу немесе жақындату;
- ЖСН енгізу.
Купюраларды бумамен қыстырғышсыз әрі қысқышсыз салыңыз. Банкоматтың экранындағы соманы тексеріп, «Шотқа түсіру» деп басыңыз.
Ақша Kaspi Gold-қа бірден түседі. Kaspi.kz қосымшасында сізге бұл туралы хабарлама келеді.
Қажет болса, ақша салуды тоқтатып, барлық ақшаңызды қайта алып алуыңызға болады.
Kaspi.kz қосымшасында кез келген уақытта шоттың күйін тексеріп, депозитіңіз бойынша толық ақпаратты көруге болады.
Назар аударыңыз: Kaspi Alaqan Алматы мен Астанада бар. Сервис Қазақстанның басқа қалаларында біртіндеп пайда болады.
Жаңартылды 01.04.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Ақша салу