Жоқ. Мұндай мүмкіндік жоқ.
Оған өзіңізге жазуға тыйым сала аласыз. Ол үшін Kaspi.kz мобильді қосымшасында Хабарлама → Kaspi Gold деп өтіңіз. Толықтыру туралы хабарламаның астындағы үш нүктені басыңыз және қалқымалы мәзірден «Осы жөнелтушіден хабарламаларды бұғаттау» деп таңдаңыз. Сізге бұрынғысынша осы адамнан аударымдар түсе береді, бірақ ол сізге жаза алмайды.
Сондай-ақ сіз соманы қайтара аласыз. Ол үшін Жеке Банк сервисіне → Kaspi Gold → Көшірме деп өтіңіз, қажетті аударманы таңдап, «Аударымды жөнелтушіге қайтару» деп басыңыз.