• Kaspi.kz-тегі Магазинде Trade-in туралы ұсыныс жазылған баннерді басыңыз.

     

    Ескі iPhone-ыңыздың үлгісін, жад көлемін және түсін көрсетіңіз. Құрылғының жай-күйі туралы сауалнаманы толтырып, оның IMEI кодын енгізіңіз. Бұдан кейін экранда бастапқы бағасы - Trade-in арқылы алуға болатын сома көрсетіледі.

     

    Kaspi.kz-тегі Магазинде жаңа iPhone таңдаңыз. Оның ақысын: бөліп төлеу арқылы, кредитке, Kaspi Gold-тан, Kaspi Red+ арқылы, бонуспен немесе сертификатпен төлеңіз.

     

    Тапсырысты алсаңыз, ескі құрылғыны нұсқаулық бойынша тапсыруға дайындап, ондағы барлық аккаунттан шығыңыз.

     

    Бұдан әрі ескі смартфонды тексеруге беру үшін күні мен мекенжайын көрсетіп, «Тапсырыс мәліметтері» қосымша бетіне өтіңіз. Содан соң Kaspi.kz қосымшасына ескі құрылғыңыздың ақырғы бағасы көрсетілген хабарлама келеді.

     

    Kaspi ЭЦҚ көмегімен қабылдау-тапсыру актісіне қол қойыңыз. Содан соң сізге Trade-in сомасы түседі. Ол жаңа iPhone үшін бөліп төлеуді  немесе кредитті  төлеуге  жұмсалады немесе Kaspi Gold-ыңызға аударылады.

     

    Назар аударыңыз: Trade-in Алматы мен Астанада біртіндеп іске қосылып жатыр.

     

    Trade-in Қазақстанның басқа қалаларында іске қосылғанда, бұл туралы ақпарат Гид сервисінде және Kaspi.kz-тің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.

     

     

    Жаңартылды 25.08.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?