• Trade-in — Kaspi.kz-тегі Магазиндегі сервис.  Оның көмегімен жаңа iPhone сатып алатын кезде ескі құрылғыны өткізіп, ақшасын алуға болады.

     

    Енді сізге өз бетіңізше сатып алушыны іздеп, хабарландыру орналастырып, хабарламаларға жауап берудің, кездесу туралы келісіп, саудаласудың қажеті жоқ. Trade-in-мен бұл қиындықтардың алдын алып, алаяқтарға тап болу қаупін азайтуға болады.

     

    Kaspi.kz қосымшасында ескі iPhone-ның бастапқы бағасын, яғни Trade-in арқылы алуға болатын соманы  алдын ала білесіз. Одан әрі Kaspi.kz-тегі Магазинде жаңа смартфонды таңдап, оның ақысын төлесеңіз болғаны.

     

    Тапсырысты алған кезде деректерді бір құрылғыдан екіншісіне ауыстырып, барлық аккаунттан шығу қажет. Толық нұсқаулық Kaspi.kz қосымшасында бар.

     

    Ешқайда барудың қажеті жоқ. Ескі iPhone-ды тапсыру үшін ыңғайлы орынды өзіңіз таңдай аласыз. Ол тексеруден өтіп, содан кейін Kaspi.kz қосымшасында ақырғы бағасы көрсетіледі. Егер бұл сома көңіліңізден шықса, ол жаңа iPhone үшін бөліп төлеуді немесе кредитті өтеуге жұмсалады немесе Kaspi Gold-ыңызға түседі.

     

    Назар аударыңыз: Trade-in Алматы мен Астанада біртіндеп іске қосылып жатыр.

     

    Trade-in Қазақстанның басқа қалаларында іске қосылғанда, бұл туралы ақпарат Гид сервисінде және Kaspi.kz-тің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.

     

     

    Жаңартылды 25.08.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?