• Kaspi.kz қосымшасында Kaspi.kz-тегі Магазин сервисін → Тапсырыстарым деп ашыңыз. Сатып алған қажетті затты таңдап, «Қайтаруды ресімдеу» деп басыңыз, экрандағы нұсқауларды орындай отырып, өтінімді толтырыңыз.

     

    Сізге тауарды сатушыға беру керек деген хабарлама келгенде, қайтару тәсілін — Kaspi Postomat деп көрсетіңіз. Содан кейін жақын жердегі Kaspi Postomat бар карта ашылады. Тапсырысты соның кез келгеніне қайтара аласыз.

     

    Ол үшін Kaspi QR сервисін ашып, Kaspi Postomat-тағы кодты сканерлеңіз.

     

    Құрылғыдағы қажетті ұяшық автоматты түрде ашылады. Смартфонның экранында ол қосымша жасыл түспен жанады. Ішіне тауарды салып, есігін жабыңыз. Ашылған ұяшықтың өлшемі Сізге сәйкес келмесе, «Сыймайды» деп басыңыз.

     

    Егер сатып алған заттарды  басқа ұяшыққа салсаңыз, оларды қайтару мүмкін емес.

     

    Кез келген уақытта Kaspi.kz-тегі Магазин сервисінде → Тапсырыстарым→ Қайтаруға өтінімдер → Өтінім мәліметтері бөлімінде өтінімнің күйін, қайтару кезеңдері мен нақты мерзімін тексере аласыз.

     

    Егер сатушы қайтаруды растаса, сатып алған заттың ақшасы төлем тәсіліне қарай бір сағаттың ішінде Kaspi Gold-ыңызға немесе Kaspi Red+-іңізге түседі. Егер тауарды кредитке сатып алсаңыз, оның күші комиссиясыз және айыппұлсыз жойылады. Бас тартқан кезде, сізге Kaspi.kz қосымшасына себебі көрсетілген хабарлама келеді. Тауарды алып кету үшін немесе жеткізу туралы келісу үшін сатушыға хабарласыңыз. 

    Жаңартылды 15.09.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?