Тауарды қайтару
Иә. Заң бойынша сатып алған затты:
- оны пайдаланбасаңыз және зауыттың қаптамасы сақталса, алғаннан кейін 14 күннің ішінде қайтара аласыз;
- егер тауар сапасыз болса, 30 күннің ішінде немесе кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін қайтаруға құқығыңыз бар.
Мыналар қосылмайды:
- дәрі-дәрмек және медициналық өнімдер;
- ішкиім, суға түскенде киетін киім, колготка, ұзын шұлық пен шұлық;
- жануарлар мен өсімдіктер;
- метрмен сатылатын тауарлар;
- смартфондар мен мобильді телефондар.
Егер құрылғы сапасыз болса немесе IMEI-коды анықталмаған болса, оны қайтаруға болады.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңы
Тауарды қайтару үшін Kaspi.kz қосымшасында Kaspi.kz-тегі Магазин сервисін → Тапсырыстарым деп ашыңыз. Қажетті тауарды таңдап, «Қайтаруды ресімдеу» деп басыңыз, экрандағы нұсқауды орындай отырып, өтінімді толтырыңыз.
Сіз кез келген уақытта Kaspi.kz-тегі Магазин сервисі → Тапсырыстарым → Қайтаруға өтінімдер → Өтінімнің мәліметтері бөлімінде өтінімнің күйін, оның кезеңдері мен нақты мерзімін тексере аласыз.
Назар аударыңыз: ақшаны қайтару уақыты картаңызды шығарған банкке байланысты.
Жаңартылды 02.10.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?