Kaspi.kz қосымшасында сіз қайтаруға бірнеше өтінім жібере аласыз. Олардың әрқайсысында тауардың бір ғана түрін көрсетуге болады.
Ол үшін Kaspi. Магазин→ Тапсырыстарым сервисін ашыңыз. Қажетті тауарды таңдап, «Тауарды қайтаруды ресімдеу» деп басыңыз, экрандағы нұсқауларды орындай отырып, өтінімді толтырыңыз.
Сіз кез келген уақытта Kaspi. Магазин → Тапсырыстарым → Тауарды қайтаруға өтінімдер → Тапсырыс туралы деректері сервисінде өтінімнің мәртебесін, қайтару кезеңдері мен нақты мерзімін тексере аласыз.
Егер қайтарудан бас тартылса, сізге Kaspi.kz қосымшасына себебі көрсетілген хабарлама келеді.Назар аударыңыз: кей жағдайда тауарды сатушыға өзіңіз апаруыңыз керек. Бұл туралы хабарлама Kaspi.kz қосымшасына келеді.
Жаңартылды 12.06.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Тауарды қайтару