Тауарды қайтару
Иә. Заң бойынша сатып алған затты:
- оны пайдаланбасаңыз және зауыттың қаптамасы сақталса, алғаннан кейін 14 күннің ішінде қайтара аласыз;
- егер тауар сапасыз болса, 30 күннің ішінде немесе кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін қайтаруға құқығыңыз бар.
Мыналар қосылмайды:
- дәрі-дәрмек және медициналық өнімдер;
- ішкиім, суға түскенде киетін киім, колготка, ұзын шұлық пен шұлық;
- жануарлар мен өсімдіктер;
- метрмен сатылатын тауарлар;
- смартфондар мен мобильді телефондар.
Егер құрылғы сапасыз болса немесе IMEI-коды анықталмаған болса, оны қайтаруға болады.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңы
Тауарды қайтару үшін Kaspi.kz қосымшасында Kaspi. Магазин → Тапсырыстарым сервисін ашыңыз. Қажетті тауарды таңдап, «Тауарды қайтаруды ресімдеу» деп басыңыз, экрандағы нұсқауларды орындай отырып, өтінімді толтырыңыз.Сіз кез келген уақытта Kaspi. Магазин → Тапсырыстарым→ Тауарды қайтаруға өтінімдер → Тапсырыс туралы деректері сервисінде өтінімнің мәртебесін, қайтару кезеңдері мен нақты мерзімін тексере аласыз.
Назар аударыңыз: кей жағдайда тауарды сатушыға өзіңіз апаруыңыз керек. Бұл туралы хабарлама Kaspi.kz қосымшасына келеді.
Жаңартылды 15.09.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?