• Заң бойынша тауарды мына мерзімде қайтара аласыз:

     

    • алған күннен бастап 14 күн ішінде, егер зауыттық қаптамасын ашпаған болсаңыз;

     

    • 30 күн ішінде немесе кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін, егер тауар сапасыз болса.

     

    Қайтаруға болмайтын тауарлар:

    • дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар;

    • ішкиім, суға түсуге арналған киім, колготки, шұлық;

    • жануарлар мен өсімдіктер;

    • метрлеп сатылатын тауарлар;

    • смартфондар мен ұялы телефондар.
      Құрылғы сапасыз болса немесе IMEI-коды верификациядан өтпесе, оны қайтара аласыз.

     

    «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы

     

    Kaspi.kz қосымшасында Kaspi.kz-тегі Магазин → Тапсырыстарым бөліміне өтіңіз. Қайтарғыңыз келетін тауарды таңдап, «Қайтарымды ресімдеу» деп басыңыз. Экрандағы нұсқаулар бойынша өтінімді толтырыңыз.

     

    Өтінімнің мәртебесін, қайтару кезеңдерін және нақты мерзімдерін Kaspi.kz-тегі Магазин → Тапсырыстарым → Қайтаруға өтінімдер → Өтінім туралы толық ақпарат бөлімінен көресіз.

    Кейбір жағдайларда тауарды не істейтініңізді өзіңіз таңдай аласыз:

     

    Сатушыға қайтару

    Сатушы қайтарымды растағаннан кейін ақшаңыз бір сағат ішінде түседі.

     

    Өзіңізде қалдыру

    Онда ақшаның орнына Kaspi.kz-тегі Магазиннен зат сатып алуға сертификат аласыз.

     

    Егер сатушы қайтарудан бас тартса, Kaspi.kz қосымшасына себебі көрсетілген хабарлама келеді.

     

    Сатушының шешіміне 3 күн ішінде шағымдана аласыз. Ол үшін Kaspi.kz-тегі Магазин → Тапсырыстарым → Қайтаруға өтінімдер → Өтінім туралы толық ақпарат бөліміне өтіп, «Бас тартуға шағымдану» деп басыңыз. Содан кейін Kaspi.kz тексеруді бастайды.

     

    Назар аударыңыз:

     

    • сатушы тауарды тексеру үшін сұратуы мүмкін. Ондай жағдайда Kaspi.kz-тегі Магазин → Тапсырыстарым → Қайтаруға өтінімдер → Өтінім туралы толық ақпарат бөлімінде курьерге тауарды тапсыратын күн мен мекенжайды көрсетіңіз;
       
    • кейбір жағдайларда тауарды сатушыға өзіңіз апаруыңыз керек. Бұл туралы Kaspi.kz қосымшасына хабарлама келеді.
    Жаңартылды 12.11.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?