Тауарды қайтару
Иә. Сіз тауарды қайтаруға өтінім бере аласыз.
Ол үшін Kaspi.kz қосымшасында Kaspi. Магазин → Тапсырыстарым сервисін ашыңыз. Қажетті тауарды таңдап, «Тауарды қайтаруды ресімдеу» деп басыңыз, экрандағы нұсқауларды орындай отырып, өтінімді толтырыңыз.Заң бойынша сатып алған затты:
- оны пайдаланбасаңыз және зауыттың қаптамасы сақталса, алғаннан кейін 14 күннің ішінде қайтара аласыз;
- егер тауар сапасыз болса, 30 күннің ішінде немесе кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін қайтаруға құқығыңыз бар.
Мыналар қосылмайды:
- дәрі-дәрмек және медициналық өнімдер;
- ішкиім, суға түскенде киетін киім, колготка, ұзын шұлық пен шұлық;
- жануарлар мен өсімдіктер;
- метрмен сатылатын тауарлар;
- смартфондар мен мобильді телефондар.
Егерқұрылғы сапасыз болса немесе IMEI-кодыанықталмаған болса, оны қайтаруға болады.
Жаңартылды 15.09.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?