Тауарды қайтару
Сатушы қайтаруды растағаннан кейін кредиттің күші комиссиясыз және айыппұлсыз жойылады. Бұл туралы хабарлама Kaspi.kz қосымшасынд а 5 минут ішінде келеді.
Егер тауар:
- толығымен кредитке алынса, ол сатушыдан түсетін сомаға өтеледі. Егер ай сайынғы төлемді төлеп қойсаңыз, оны бірден Kaspi Gold-ыңызға аударады.
- жартылай кредитке және Kaspi Gold-пен алынса, бірінші бөлігі кредитті өтеуге түседі, қаражат қалдығы Kaspi Gold-қа аударылады. Сізге бұл туралы Kaspi.kz қосымшасында сомасы көрсетілген хабарлама келеді.
Сатушы қайтаруға өтінім бойынша шешім қабылдағанша, ай сайынғы төлемдерді кестеге сәйкес төлеп тұруыңыз керек. Төлеу мерзімін өткізіп алмау үшін және кредиттік тарихыңызды бұзбау үшін кредитті уақтылы төлеңіз.
Қайтарудан бас тартылған жағдайда, сізге Kaspi.kz қосымшасында себебі көрсетілген хабарлама келеді.
Жаңартылды 18.09.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?