Сатушы қайтарымды растағаннан кейін кредит комиссиясыз және айыппұлсыз жойылады. Бұл туралы Kaspi.kz қосымшасына 5 минут ішінде хабарлама келеді.
Егер тауарды:
- толық кредитке алсаңыз, сатушы қайтарған сома кредитті өтеуге жұмсалады. Ай сайынғы төлемді төлеп қойған болсаңыз, сол ақша бірден Kaspi Gold-ыңызға түседі;
- жартылай кредитке, жартылай Kaspi Gold-пен алсаңыз, алдымен кредит өтеледі, ал қалған ақша Kaspi Gold-ыңызға түседі. Қайтарылған сома көрсетілген хабарлама Kaspi.kz қосымшасына келеді.
Сатушы қайтару туралы өтініміңізді қарап жатқанда, кредиттің ай сайынғы төлемдерін кесте бойынша төлеп отыруыңыз керек. Төлем мерзімін өткізіп алмау және кредиттік тарихыңызды бұзбау үшін кредитті уақытында төлеңіз.
Егер сатушы тауарды қайтарудан бас тартса, Kaspi.kz қосымшасына себебі көрсетілген хабарлама келеді.
Сатушының шешіміне 3 күн ішінде шағымдана аласыз. Ол үшін Kaspi.kz-тегі Магазин → Тапсырыстарым → Қайтаруға өтінімдер → Өтінім туралы толық ақпарат бөліміне өтіп, «Бас тартуға шағымдану» деп басыңыз. Содан кейін Kaspi.kz тексеруді бастайды.
Жаңартылды 12.11.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
- толық кредитке алсаңыз, сатушы қайтарған сома кредитті өтеуге жұмсалады. Ай сайынғы төлемді төлеп қойған болсаңыз, сол ақша бірден Kaspi Gold-ыңызға түседі;
Тауарды қайтару