• Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi.kz-тегі Магазин сервисін → Тапсырыстарым деп ашыңыз. Қажетті сатып алған затты таңдап, «Қайтаруды ресімдеу» деп басыңыз, экрандағы нұсқауларды орындай отырып, өтінімді толтырыңыз.

     

    Сізге тауарды сатушыға беру керек деген хабарлама келгенде, қайтару тәсілін — курьер  деп көрсетіңіз.

     

     Сіз кез келген уақытта Kaspi.kz-тегі Магазин сервисінде → ТапсырыстарымҚайтаруға өтінімдер Өтінімнің мәліметтері бөлімінде өтінімнің күйін, қайтару кезеңдері мен нақты мерзімін тексере аласыз.

     

    Егер сатушы қайтаруды растаса, сатып алған заттың ақшасы төлеу тәсіліне қарай бір сағаттың ішінде Kaspi Gold-ыңызға немесе Kaspi Red-іңізге түседі. Егер тауарды кредитке сатып алсаңыз, оның күші комиссиясыз және айыппұлсыз жойылады. 

     

    Бас тартқан кезде, сізге Kaspi.kz қосымшасына себебі көрсетілген хабарлама келеді. Тауарды алып кету үшін немесе жеткізу туралы келісу үшін сатушыға хабарласыңыз.

    Жаңартылды 09.09.2025

    Қолданушылардың 77% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?