• Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi QR сервисіне өтіп, Kaspi Postomat-тың экранындағы QR-кодты сканерлеңіз. Содан кейін тапсырысыңыз бар ұяшықтың есігі ашылады.
     

    Егер курьер бірнеше тапсырысыңызды бір мезгілде әкелсе, ол оларды Kaspi Postomat-тың бір ұяшығына сала алады. Сөйтіп сіз немесе сенімді алушыңыз тауарды жеке-жеке алып, артық уақыт жұмсамайсыз.
     

    Kaspi Postomat-тың экранындағы QR-кодты сканерден өткізгенде, Kaspi.kz қосымшасында әр ұяшықта қанша тапсырысыңыз бар екені жазылады. Барлық сатып алған затты бір мезгілде алып кету керек. Бір тауардан бас тартқан кезде осы ұяшықтағы қалған барлық тауар да тоқтатылады. Сондықтан қажет болған жағдайда, алғаннан кейін қайтаруды ресімдеген дұрыс.
     

    Тапсырыс Kaspi Postomat-та үш күн сақталады. Егер осы уақытта сатып алған затыңызды ұяшықтан алып кетпесеңіз, тапсырыс автоматты түрде тоқтатылып, тауар сатушыға қайтарылады.

    Жаңартылды 04.04.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?