Kaspi.kz-тегі Магазинде жеткізу әдісін таңдағанда Kaspi Postomat деп басып, картадан өзіңізге ыңғайлысын таңдап, тапсырысты ресімдеуді аяқтаңыз.
Тауар Kaspi Postomat-қа жеткізілгенде, Kaspi.kz қосымшасына хабарлама келеді, онда тауарды қай уақытқа дейін алып кетуге болатыны көрсетіледі.
Тапсырысты алу үшін Kaspi.kz қосымшасында Kaspi QR сервисін ашып, Kaspi Postomat-тағы кодты сканерлеңіз.
Ұяшықтың ішіндегіні алыңыз. Егер курьер сатып алған бірнеше затты әкелсе, бәрі бірге жатуы мүмкін.
Ұяшықтың бос екенін тексеріңіз. Ұяшық ашылғаннан кейін тауар үшін клиент жауапты.
Тапсырыс Kaspi Postomat-та үш күн сақталады. Егер оны осы уақытта алып үлгермесеңіз, тапсырыстың күші автоматты түрде жойылып, тауар сатушыға қайтарылады.
Жаңартылды 15.09.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Kaspi Postomat