- Жаңартылды 01.05.2025
Kaspi Postomat - бұл Kaspi.kz-тегі Магазиннен тауарларды алуға арналған қарапайым және ыңғайлы құрылғы. Оның тауарларды сақтауға арналған әртүрлі өлшемдегі ұяшықтары, сондай-ақ авторизациядан өтуге арналған QR-коды бар сенсорлық экраны бар.
Енді сізге курьерді күтудің қажеті жоқ - сатып алған кезде өзіңізге жақын Kaspi Postomat-ты таңдай аласыз. Ол тәулік бойы үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейді. Сатып алған затты өзіңіз алып кете аласыз немесе ол үшін алушыны қоса аласыз.Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi QR-ға өтіп, құрылғының экранындағы QR кодты сканерлеңіз - тапсырысыңыз бар ұяшық ашылады. Егер курьер бірнеше тапсырысыңызды бір мезгілде әкелсе, ол оларды Kaspi Postomat-тың бір ұяшығына сала алады. Сөйтіп сіз немесе сенімді алушыңыз тауарды жеке-жеке алып, артық уақыт жұмсамайсыз.
Kaspi Postomat-тағы тапсырыстарыңыз сенімді қорғалған. Барлық құрылғыға тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі, ал әр ұяшық бірегей электрондық құлыппен жабдықталған.Kaspi Postomat Kaspi.kz-тің бөлімшелерінде, үйдің жанындағы дүкендерде, сауда орталықтарында, автожанармай құю станцияларында және Қазақстанның барлық ірі қалаларындағы бизнес-орталықтарда орнатылған.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?