• Kasper — бұл Kaspi.kz-тегі Магазиндегі жеке AI-көмекші. Ол тауарларды таңдауға, сипаттамаларын салыстырып, ең қолайлы нұсқаны алуға көмектеседі.


    Негізгі сөздер арқылы іздеудің және сипаттамаларды өз бетіңізше зерттеудің орнына, не іздеп жатқаныңызды өз сөзіңізбен жазсаңыз немесе айтсаңыз болды. Мысалы, жақсы камерасы бар смартфонды, ойын ноутбугын, үйге қажет тұрмыстық техниканы немесе балаға сыйлық таңдап беруді сұрауға болады.


    Қажет болса, Kasper ең қолайлы тауарды ұсыну үшін бюджетті, нені қалайтыныңызды, қажетті функцияларды брендті және басқа мәліметтерді нақтылайды. Ол сондай-ақ күрделі сипаттамаларды түсінуге, үлгілерді салыстырып, таңдау жасауға көмектеседі.


    Ұнаған тауарды чаттан бірден ашуға немесе себетке қосуға болады. Жазысқан хаттардың тарихы сақталады, сондықтан ұсыныстарға кез келген уақытта қайта оралуға болады.


    Kasper қазақ және орыс тілдерін түсінеді. Онымен мәтін жазып немесе дауыс арқылы сөйлесе аласыз.


    Назар аударыңыз: сервис шілде айында Алматыдағы клиенттерге қолжетімді болады, содан кейін біртіндеп бүкіл елімізде қосылады.

    Жаңартылды 01.07.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?