• Тауарлар және сатушылар туралы барлық пікір жариялау ережесінің сәйкестігіне тексеруден өтеді. Оған 1 жұмыс күні кетеді.

     

    Егер одан көп уақыт өтсе, ал пікір әлі жарияланбаса, оның бірнеше себебі болуы мүмкін:

     

    • баға тек Kaspi Жеткізуге немесе тауарды қайтаруға қатысты;

    • пікірді рейтингке ықпал ету мақсатында компания қызметкерлері немесе басқа да мүдделі тұлғалар жазған;

    • мәтінде әдепсіз сөздер бар;

    • тауар немесе сатушы туралы ақпарат жоқ;

    • мәтінде жарнама, телефон нөмірлері немесе бөтен ресурстарға сілтемелер бар.

     

    Тексеруден өтпеген пікір рейтингте ескерілмейді және жарияланбайды.

     

    Егер пікіріңізде жоғарыда айтылғанның ешқайсысы болмаса, Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Гидпен Чатқа жазыңыз. Біз қосымша тексереміз.

     

    Назар аударыңыз: Kaspi.kz-тегі Магазиндегі тауар карточкасында осы позиция туралы ақпарат жазылған пікірлер көрсетіледі.

     

    Егер сіз тек сатушының жұмысы немесе жеткізуі туралы жазсаңыз, түсіндірмелер сатушының парақшасында жарияланады. Оны көру үшін Kaspi.kz-тегі Магазинде «Тапсырыстарым» бөліміне өтіп, қажеттісін, содан кейін Тапсырыс мәліметтері → Пікірлерім дегенді таңдаңыз.

    Жаңартылды 02.10.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?