• Kaspi.kz-тегі Магазиннен зат сатып алғаннан кейін «Тапсырыстарым» деп өтіп, қажеттісін таңдаңыз, «Тапсырыс мәліметтері» деп басып, пікір қалдырыңыз. Онда тауарды немесе сатушының жұмысын бағалай аласыз. Мұны сатып алғаннан кейін 90 күннің ішінде жасауға болады.

     

    Түсіндірмені бірнеше тәсілмен қалдыруға болады: қолмен енгізуге немесе қазақ не орыс тілдерінде дауысты хабарлама  жазуға болады - Kaspi Ai оны мәтінге айналдырады және қажет болса, оны редакциялай аласыз.

     

    Пікір сатушының парақшасында және тауар карточкасында жарияланады. Онда:

     

    • атыңыз,
    • берген бағаңыз
    • жазылған күні,
    • дүкеннің атауы,
    • түсіндірмеңіз көрсетіледі.

     

    Егер тапсырыстың күшін жойсаңыз  немесе қайтарсаңыз, түсіндірме қалдыра алмайсыз. Тауарлар мен сатушылар туралы барлық пікір  1 жұмыс күні ішінде тексеруден өтеді. Түсіндірме жарияланғанда сізге Kaspi.kz қосымшасына хабарлама келеді.

    Жаңартылды 31.08.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?