Бірнеше себебі болуы мүмкін:
Суретте бірнеше нысан бар
Кадрда тек бір заттың болуын тексеріңіз.
Үй-жайдың ішіндегі жарық жеткіліксіз
Затқа жарықтың көлеңкесіз және шұғыласыз біркелкі түсіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сіз Kaspi.kz қосымшасына сурет түсіруге және медиатекаңыздан сурет жүктеуге тыйым салдыңыз
Құрылғының баптауларына өтіңіз. Бағдарламалар тізімінде Kaspi.kz таңдап, фотосуреттер мен камераға қолжетімділікке рұқсат етіңіз.
Интернеттің баяу болуы немесе мүлдем болмауы
Егер мобильді интернетті пайдалансаңыз, Wi-Fi-ға қосылғанын немесе трафик қалдығын тексеріңіз. VPN ажыратыңыз - ол интернет қосылысының жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Kaspi.kz қосымшасының нұсқасы ескірген
Google Play, App Store немесе AppGallery қосымшалар магазинінің баптауларында оны жаңартыңыз.
Егер бұл себептер сәйкес келмесе, ұқсас тауарды каталогтан немесе атауы мен негізгі сөздер бойынша іздеу жолынан таба аласыз.
Жаңартылды 12.06.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Тауар таңдау