Kaspi.kz мобильді қосымшасында жер салығы бойынша өсімпұлдың екі түрін комиссиясыз төлей аласыз:
- елді мекендер жеріне салынатын жер салығы бойынша өсімпұл,
- ел қоныстанбаған мекендерге салынатын жер салығы бойынша өсімпұл.
Төлеу үшін «Мемлекеттік қызметтер» → «Салық» бөліміне кіріп, «Деректемелер бойынша жеке тұлғалар үшін салық» қызметін таңдаңыз.
Қаланың дұрыс көрсетілгенін тексеріп, ашылған мәзірден қажетті төлем түрін таңдаңыз.
Мемлекеттік кірістер басқармасын және ауданды таңдап, салық төлеушінің Т.А.Ә. және ЖСН енгізіңіз.
Сомасын көрсетіп, төлеу тәсілін таңдаңыз да, төлемді растаңыз.
Осыдан кейін, ақы төленгені туралы түбіртек алып, «Төлем тарихы» қосымша бетіне өте аласыз. Мұнда Kaspi.kz мобильді қосымшасында түбіртекті смартфоныңызға орнатылған кез келген бағдарлама арқылы жіберуге болады.