«Мемлекеттік қызметтер» → «Салық» бөлімінде «Деректемелер бойынша жеке тұлғалар үшін салық» қызметін таңдаңыз.
Қаланың дұрыс көрсетілгенін тексеріп, ашылған мәзірден төлем түрін «Жеке тұлғалардан көлік салығы бойынша өсімпұлды» таңдаңыз.
Мемлекеттік кірістер басқармасын және ауданды таңдап, салық төлеушінің Т.А.Ә. және ЖСН енгізіңіз.
Сомасын көрсетіп, төлеу тәсілін таңдаңыз да, төлемді растаңыз.
Осыдан кейін, ақы төленгені туралы түбіртек аласыз да, «Төлем тарихы» қосымша бетіне өте аласыз. Мұнда Kaspi.kz мобильді қосымшасында түбіртекті смартфоныңызға орнатылған кез келген бағдарлама арқылы жіберуге болады.