Төленетін қызметтер
  • Kaspi.kz қосымшасында «Төлемдер» сервисінде → Айыппұл, салық → Айыппұл → ЖСН бойынша айыппұл  бөлімінде ЖСН, куәліктің нөмірін, берілген күнін енгізіп, «Тексеру» деп басыңыз.  

     

    Бұзушылық жасалған күн, мәні, төленетін сома сияқты айыппұл туралы толық ақпарат көрсетілген тізім ашылады. Қосымша хаттаманы көруге және түсірілген болса, камерадан бейнежазбаны сұратуға болады.

     

    Төленгеннен кейін барлық мәлімет төлем тарихында қолжетімді болады.

     

    Кейін тексеретін кезде бұл қызмет «Төлемдерім» бөлімінде көрсетіледі. Деректерді қайта енгізу қажет болмайды.

     

    Назар аударыңыз: камераға жазылып қалған ЖҚЕ-ны бұзу хаттамасын тек көлік иесі көре алады.

    Жаңартылды 07.09.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?