Kaspi.kz/Клиенттер үшін Kaspi Гид/Kaspi.kz-тегі төлемдер/Төленетін қызметтер /Жеке кәсіпкерлік үшін төлемдер
Төленетін қызметтер Кәсіпкерлер ай сайын өзі және жұмыскерлер үшін ЖБМЗЖ төлеу керек. Аударымдарды қызметкердің жалақысынан ұстамай, компанияның табысынан төлейді.
Мөлшерлеме — жалақының 3,5%-ы, ең азы — 2 975 теңге, ең көбі — 148 750 теңге.
Егер ЖК не жұмыскер:
- жасына қарай зейнеткер;
- еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алатын зейнеткер болса;
- мерзімсіз I не II топтағы мүгедек болса;
- 1975 ж. 1 қаңтарға дейін туса,
ЖБМЗЖ төлеудің қажеті жоқ.
Сондай-ақ егер ЖК-нің өткен айда табысы болмаса, өзі үшін ЖБМЗЖ төлеу міндетті емес.
Жаңартылды 12.01.2026Қолданушылардың 33% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?